Домбыра Рarty-ге кел! | Талғам

Домбыра Рarty-ге кел!



Сіз домбыра үнін жақсы көресіз бе? Халық әндерін домбырада орындап көңілді ортада құлақтың құршын қандырар қазақ әнін тыңдағыңыз келе ме? Онда сіз әр аптаның бейсенбісінде  сағат сегізде өтетін Домбыра Раrty-ға келіңіз! Домбыра Раrty - бұл қазақтың өнерінің өсуіне, дамуына белгілі бір үлес қосып жүрген белсенді жастардың ойынан шыққан дүние. 

Домбыра Раrty-дің ешқандай саяси астары жоқ.  Тек өнер.  Әлдебір саяси мақсат көздегендер, аудитория іздегендер үміттенбей-ақ қойсын!  Партиялардың, тіпті, еліміздің туын әкелуге де тиым салынады. Домбыра Party-дің басты мақсаты – ұлттық аспапты, ұлттық музыканы насихаттау. Қазірге кезде бұл шара еліміздің барлық қалаларында бір күнде бірдей уақытта өтіп жатыр.

Домбыра Party-дің арқасында домбыраны кез-келген адам ойнай алатынын дәлелдеп, кез-келген адамның үйренуге деген талпынысын ояту. Тым биік идеялар мен пафостың қажеті жоқ. Домбыра Party, бұл – атау. Шараға тек домбырашылар қатысады деген сөз емес. Өзге ұлттық аспаптарда ойнай алатын өнерпаздарға да есік ашық. Неғұрлым көп адам қатысса, соғұрлым мақсатымыз жүзеге асып жатыр деген сөз.

kobiz3_www.mgorod.kz_Айтыс кез-келген қазақтың делебесін қоздырады. Сондықтан, мүмкіндігінше айтыс өткізіп тұру керек. Алайда саясат, дін тақырыбы емес, қыз бен жігіт айтысы немесе құрбы-құрдас арасындағы жеңіл, қағытпа айтыс болғаны дұрыс. Өлең оқимын дегендерге жол жоқ. Біріншіден формат сақталуы керек, екіншіден «ақындардың» не айтатынын, мақсатын білмегендіктер тәуекелге бармаймыз. Әнші, жыршы, күйші, айтыс ақыны, саясаткер, танымал тұлғаларды әдейілеп шақырмаңыз. Құлаққағыс қылып айтуға болады. Келу-келмеуін өзі шешсін. Ерікті шара тек еріктілер үшін!

“Нағыз қазақ -қазақ емес, нағыз қазақ  - домбыра”-демекші нағыз қазақ болсаңыз,  бейсенбі күні сағат сегізде қалаңыздағы  “Ренессанс” қонақ үйінің сол жағындағы алаңда  болып жатырған керемет шарадан  қапы қалмаңыз!

Тағы бір айта кететін жайт – егерде сіз Домбыра Рarty туралы білсеңіз, міндетті түрде таныстарыңызбен достарыңызға айта жүріңіз!


About Алтынай Серікбаева

Алтынай Серікбаева
Comments:

Бір пікір

  1. Керемет! Ким не десе о десин, “домбыра pаrty” казак домбырасын дариптеп, кешеги Биржан салдардын дастурин жалгастыру деп тусинемин. Ерикти турде жургизилетин калпын жогалтпаса екен! Айтуга онайда арким айта береди! Токтаманыздар! Шыгармашылык табыс тилеп,каркындай бериниздер деймин!
    Сурак: Караганды каласында кашан, кайда откизиледи?

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылуы керек *

*

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

Scroll To Top